+7 (701) 759 90 19
USD 424.92 EUR 500.09
RUB 5.87 CNY 65.92
Jańalyqtar

«Болашақ» бағдарламасы шеңберінде 2020 жылы оқуға ұсынылатын шетелдік ЖОО-лар тізімі бекітілді

2020 жылғы 17 шілде 14:50
Бөлісіңіз:
«Болашақ» бағдарламасы шеңберінде 2020 жылы оқуға ұсынылатын шетелдік ЖОО-лар тізімі бекітілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде 2020 жылы оқуға ұсынылатын шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 13 шілдедегі № 295 Бұйрығымен 2020 жылы «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде оқуға ұсынылатын шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі бекітілді.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеудің жаңа ережелеріне енгізілген өзгерістердің нәтижесінде шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі сапалық және сандық жағынан өзгерді.

Тізімге QS World University Rankings, Academic Ranking of World Universities, Times Higher Education World University Rankings, the U. S. News & World Report Best Global University ranking халықаралық рейтингтерінің кемінде екеуінің TOP-100-дігіне кірген жоғары оқу орындары кірді.

Тізімге сонымен қатар, The U.S. News & World Report Best Global University Ranking басылымының нұсқасы бойынша үздік әлемдік университеттер рейтингінде кемінде 65 балл жинаған Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінің жоғары оқу орындары енді.

Салыстыратын болсақ, 2019 жылы ұсынылған шетелдік жоғары оқу орындарының тізімінде 537 жоғары оқу орны болса, оның 20% ғана топ-100 халықаралық рейтингтеріне кірген.

Сондықтан, 2020 жылғы тізімде еліміздің қажеттіліктеріне сәйкес бағыттар бойынша мықты болып саналатын әлемнің жетекші жоғары оқу орындары ұсынылуда.

Ұсынылатын шетелдік жоғары оқу орындарының тізімімен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ресми сайтында келесі сілтеме бойынша танысуға болады.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT