Болашақ әскерилер олимпиадалық спорт түрін игеріп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда "Киров" әскери-теңіз клубының жас қатысушылары олимпиадалық спорт түрлерін меңгеріп жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Клубымызда биатлон үйірмесі ашылған. Бір апта бұрын клубқа 8-сынып бойынша 29 оқушы жаңадан қабылданып, жас десантшылар жасағына жазылды. Оларға екі апта ішінде шаңғы тебуді игеру тапсырылды. Сонымен қатар 3-тен 30 шақырымға дейінгі қашықтықты бағындыру керек», - деді Жас теңізшілер взводының командирі Дидар Ғалымжанұлы.
null null 

Биыл ақпан айында жас тәлімгерлер  "Жылдам атлетика" ҚҚ халықаралық жарысына әскери-қолданбалы спорт түрі бойынша қатыспақ.

Айта кету керек, армия Үйінің базасында "Киров" әскери-патриоттық клубтың тәрбиеленушілері үшін Алғашқы әскери дайындық курстарын дамыту мақсатында материалдық-техникалық база құрылған. "Киров" атындағы клуб Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен Алматы қаласы жастар саясаты мемлекеттік дамыту қорының қолдауымен жұмыс жасап келеді.
null 

Алдағы уақытта бұл клуб тәрбиеленушілері шаңғы, жүгіру спорттық ойындар бойынша жарыстарға қатысу жоспарланып отыр.
null 

Соңғы жаңалықтар