+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Болашақ аналардың COVID-19-ға қарсы екпені қашан алғаны дұрыс

2021 жылғы 11 қазан 17:55
Бөлісіңіз:
Болашақ аналардың COVID-19-ға қарсы екпені қашан алғаны дұрыс

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, профессор Вячеслав Локшин болашақ аналарға COVID-19-ға қарсы екпені қай кезде алу қажеттігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда ЖРВИ мен тұмау өршіп тұр Алматы облысында 811 науқас коронавирустан емделіп жатыр СҚО-да инфекциялық стационарларда КВИ жұқтырған 504 сырқат ем алып жатыр

«Өткен бір жарым жыл ішінде біз COVID-19 науқастарының арасында жүкті әйелдер көп екенін көрдік. Вирустың «Ухань», «Британдық» сияқты алғашқы штамдарында жүкті әйелдер қатты ауырмаған еді. Дегенмен олардың арасында өлім, баланың шетінеуі және мерзімінен бұрын босану көп болған. Барған сайын вирус бейімделіп, жүкті әйелдерге қаттырақ әсер ете бастады. Әлемдегі акушер-гинекологтардың бәрі осылай деп дабыл қағуда. Вирустың кесірінен болашақ аналар пневмонияны да ауыр өткеретін болды. Бұл жүкті әйелдер арасындағы өлімнің өсуіне, жүктілік кезінде ауыр асқынуларға әкеліп отыр», - деген профессор жүктілік кезінде қан ұюының жоғарылауы, иммундық қорғаныстың төмендеуі, өкпе қозғалысының қиындауы сияқты өзгерістер жиі кездесіп жатқанын атады.

«Аурудың алдын алудың бір жолы бар – жүктілікке дейін вакцина қабылдау керек. Яғни жүктіліктің басталуына үш-төрт апта қалғанда вакцианцияң толық крусын аяқтаған жөн. Бірақ бұл жасалмаса, жүктілік кезінде вакцина алу ұсынылады. Бүгінгі таңда әлемнің көптеген елдері органогенез аяқталған кезде 12-16 аптадан кейін жүкті әйелдерді вакцинациялап жатыр» - деді дәрігер.

Оның мәліметі бойынша, әлемнің көптеген елдеріндегі жүкті еріктілерге жүргізілген зерттеулер вакцинаның ұрыққа және жүктілік ағымына теріс әсер етпейтінін көрсеткен.

«Өйткені, өлтірілген вирус немесе оның ағзада көбеймейтін бөлшектері бар. Бірақ антиденелер шығарылады, олар кейіннен баланы қорғайды. Сондықтан, жүкті әйелдерді вакцинациялау-ауыр вирустық инфекциядан қорғау үшін өте маңызды кезең», - деді Вячеслав Локшин.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT