Бокстан жастар арасында Азия чемпионатында тағы үш боксшы финалға шықты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Тайланд астанасы Бангкок қаласында 22 жасқа дейінгілер арасында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық үш спортшы финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Абзал Серік 67 келіге дейінгі салмақта камбоджалық Пенх Вантхунгпен жұдырықтасып, бірінші және үшінші раундта нокдаунға жіберді. Төрешілер есебі – 5:0.

Жастар арасында әлем чемпионы Сабыржан Аққалықов 71 келіге дейінгі салмақта тәжікстандық Довуд Махкамовтан айласын асырды.

Диас Молжігітов (75 кг) жартылай финалдық кездесуін сәтті өткізді. Ол қытайлық Аиликути Кахаерді қазылардың бірауыздан шешімінен тізе бүктірді.

Ал Талғат Сырымбетов 60 келіге дейінгі салмақта қола жүлдені қанағат тұтты. Ол жартылай финалда таиландтық Пхутханет Родсукпен жұдырықтасып, бірінші раундта нокдаунға жібергенімен, жалпы есепте төрешілер шешімімен қарсыласына жол берді.

Сондай-ақ Мұхаммедсабыр Базарбайұлы 63,5 келіге дейінгі салмақта қола жүлдегер атанды. Төрешілер бұл жекпе-жекте моңғолиялық Тулга Оюнбаатар жеңді деп тапты – 3:2.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Азия чемпионатында екі боксшының финалға шыққанын жазған едік.

Сондай-ақ Махмуд Сабырхан алтын үшін таласады.


Фото: sports.kz


Соңғы жаңалықтар