Бокстан жастар арасында АЧ: Махмуд Сабырхан қарсыласын нокаутпен жеңді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бангкокта 22 жасқа дейінгілер арасында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Махмуд Сабырхан жартылай финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ересектер арасында әлем және Азия чемпионатының күміс жүлдегері М.Сабырхан 57 келіге дейінгі салмақта малайзиялық Акмал Мухаммедпен жұдырықтасты.

Бірінші раундта-ақ Махмуд қарсыласын нокдаунға жіберді. Екінші кезеңде төреші тағы есеп ашқаннан кейін техникалық нокаут тіркелді.

Сөйтіп Махмуд Сабырхан да жартылай финалға жолдама алды. Ол бірінші жекпе-жегінде өзбекстандық Мирзабек Мирзахалиловтан айласын асырған еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық боксшының жастар арасында Азия чемпионатының жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Азия чемпионатында тағы бір қазақстандық жартылай финалға шықты.

Фото: sports.kz


Соңғы жаңалықтар