Бокстан жастар арасында АЧ: қазақстандық екі боксшы финалға шықты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Таиланд астанасы Бангкок қаласында 22 жасқа дейінгілер арасында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында екі қазақстандық спортшы финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Санжар Тәшкенбай 48 келіге дейінгі салмақта таиландтық Наттхапхонг Тхуамчаронмен жұдырықтасты.

Санжар қарсыласын екінші раундта нокдаунға жіберіп, айқын басымдылықпен ұтты. Төрешілер шешімі – 5:0.

Тағы бір қазақстандық Нұрсұлтан Алтынбек 54 келіге дейінгі салмақта қырғызстандық Ислам Торобаевпен рингке шықты.

Қазылар бірауыздан жеңісті Нұрсұлтанға берді.

Н.Алтынбек финалда филиппиндік Флинт Джарамен алтын жүлде үшін таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан Азия чемпионатында Махмуд Сабырханның қарсыласын нокаутпен жеңгенін жазған едік.

Сондай-ақ үш қазақстандық жартылай финалға шықты.

Жартылай финалда тағы бір жолдама қолда.

Ашық көздерден алынған фото
Соңғы жаңалықтар