+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Бокстан Вольнова турнирі: Қазақ қыздары 10 «алтынның» сегізін еншіледі

2019 жылғы 17 наурыз 10:40
Бөлісіңіз:
Бокстан Вольнова турнирі: Қазақ қыздары 10 «алтынның» сегізін еншіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Олимпиада чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Марина Вольнованың сыйлығы үшін бокстан қыздар арасындағы турнир соңына жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, сайыста Қазақстан, Ресей, Украина, Моңғолия мен Өзбекстаннан келген 88 спортшы өзара бақ сынасты.

«Турнир - Азия чемпионатына дайындық. Өз кезегінде Азия біріншілігі Ресейде күзде өтетін Әлем чемпионатына дайындық сатысы ретінде қарастырылады. Турнирде Моңғолия командасы өзін жақсы көрсетті - 54 келі салмақта соңғы Әлем чемпионатының жүлдегері келсе, Украина бірінші нөмірдегі Мария Бованы алып келді. Біз үшін бұл жақсы тәжірибе. Біздің командаға 2000 жылғы жас спортшылар келіп жатыр. Олар қазірдің өзінде тәжірибесі мол спортшыларға есе бермейтін дәрежеде», - дейді Қазақстанның бокстан қыздар құрамасының бас бапкері Вадим Присяжнюк.

null

Азия чемпионатына сәуір айында баратын команданың құрамын (Бангкокта өтеді) бапкер жуық арада жасақтауға уәде беріп отыр. Оның айтуынша, Олимпиада ойындарында қыздар боксы бойынша салмақ санаты үштен беске өскені - қыздарды біршама жігерлендіруде.

«Биыл өте ауқымды старттар - Азия чемпионаты, Әлем чемпионаты болады. Менің негізгі мақсатым - Олимпиада лицензиясына қол жеткізу. Бұл турнирде маған әсіресе отандасым - Жамбыл облысынан келген Жансая Әбдірайымовамен болған кездесу ерекше есімде қалды. Оның өнері керемет. Менің ойымша, ол әлем чемпионы болады», - дейді Вольнова турнирінің жеңімпазы, әлемнің екі дүркін чемпионы Назым Қызайбай.

Марина Вольнованың сыйлығына арналған 2019 жылғы турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

48 келіде:

I Алуа Балқыбекова (Қазақстан)

II Әйгерім Қасенаева (Қазақстан)

III Фортимахан Тұрсынбекова (Өзбекстан), Мунгусаран Байсан (Моңғолия)

51 келіде:

I Назым Қызайбай (Қазақстан)

II Татьяна Коб (Украина)

III Мухцинкцин Эчхергал (Моңғолия), Жайна Шекербекова (Қазақстан)

54 келіде:

I Ивана Крупеня (Украина)

II Дина Жоламан (Қазақстан)

III Әйгерім Ошақбай (Қазақстан), Балауса Мұздиман (Қазақстан)

57 келіде:

I Сәния Сұлтанқызы (Қазақстан)

II Дәметкен Келімбет (Қазақстан)

III Юлия Цыплакова (Украина), Владислава Кухта (Қазақстан)

60 келіде:

I Римма Волосенко (Қазақстан)

II Карина Ибрагимова (Қазақстан)

III Намун Монхор (Моңғолия), Сандуғаш Әбілхан (Қазақстан)

64 келіде:

I Мария Бова (Украина)

II Милана Сафронова (Қазақстан)

III Шминцкцинцин Уранбилик (Моңғолия), Мафтунохон Милейева (Өзбекстан)

69 келіде:

I Баян Ақбаева (Қазақстан)

II Анна Лысенко (Украина)

III Ақерке Бақытжан (Қазақстан), Алма Аманқұл (Қазақстан)

75 келіде:

I Надежда Рябец (Қазақстан)

II Аида Оңдаш (Қазақстан)

III Гүлая Садықова (Қазақстан), Арайлым Бекділдә (Қазақстан)

81 келіде:

I Фариза Шолтай (Қазақстан)

II Мөлдір Базарбаева (Қазақстан)

III Алтын Мұқышбекова (Қазақстан), Таңшолпан Әлиева (Қазақстан)

+81:

I Ләззат Күнгебаева (Қазақстан)

II Умида Садықова (Қазақстан)

III Дина Исламбекова (Қазақстан), Мөлдір Раушанбек (Қазақстан)


null
null


null

null
null


null
null
null

Фото: Данияр Майлыбаев

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Спорт, Бокс,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT