+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 497.05
RUB 6.02 CNY 66.69
Jańalyqtar

Бокстан ұлттық құрама: Ғалымбек Кенжебаев бас бапкерліктен кетті

2021 жылғы 6 қыркүйек 14:40
Бөлісіңіз:
Бокстан ұлттық құрама: Ғалымбек Кенжебаев бас бапкерліктен кетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бокстан Ұлттық құрамаларының бас бапкерлері ауысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
UEFA Чемпиондар лигасы: «Ливерпуль» үшінші ойын қатарынан жеңіске жетті Теннис: Елена Рыбакина Мәскеу турнирінің екінші айналымына шыға алмады Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» беларусьтік «Динамоға» есе жіберді

Бұл туралы Қазақстан Бкос федерациясының ресми сайты жазды.

«Бокстан Қазақстан ұлттық құрамаларына жаңа бапкерлер тағайындалды. Қазақстан бокс федерациясының ұсынысы бойынша ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Дене шынықтыру және спорт комитеті ерлер және әйелдер командаларының жаңа бас жаттықтырушыларын бекітті», - деп жазады фдерацияның ресми сайты.

Нақты айтсақ, Қазақстанның ерлер ұлттық құрамасын Қайрат Сәтжанов жаттықтыратын болды. Осылайша ол 2018 жылдан бері бас бапкер болған Ғалымбек Кенжебаевты алмастырды.

«Қайрат Сәтжановтың бапкерлік өтілі – 31 жыл. 2011-2019 жылдары Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы болып жұмыс істеді. Осы уақыт ішінде Сәтжанов бастаған жас боксшылар «Азия балалары (2012 ж. – 4/4/2, 2016 ж. – 4/4/3) халықаралық ойындарында табысты өнер кһрсетіп, әлем чемпионаттарында екі рет ең мықты үштіктің қатарына кірді (2013 ж. – 2/1/5, 2015 ж. – 1/1/3). Сондай-ақ, Азия чемпионаттарында екі рет командалық есепте жеңіске жетті (2013 ж. – 8/2/1, 2017 ж. - 8/2/2)», - деп жазылған сайттың мәліметінде.

2019 жылы Қайрат Сәтжанов Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы болып тағайындалды. Екі жыл ішінде оның шәкірттері Азия чемпионаттарында екі рет командалық есепте жеңіске жетті (2019 ж. – 6/1/2, 2021 ж. – 8/2/2) және әлем чемпионатында екінші орын алды (2021 ж. – 2/2/1).

Сондай-ақ, бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының жаңа бас бапкері тағайындалды.

«Өз еркімен кеткен Ерік Алғабектің орнына Шамиль Сафиуллин бекітілді. Шәміл Сафиуллиннің бапкерлік еңбек өтілі – 25 жыл. Осы уақыт ішінде ол Қазақстанда да, шетелде де жұмыс істеп үлгерді. Әлем чемпионаттарының жүлдегерлерін, Азия чемпиондарын және Қазақстан біріншілігінің бірнеше дүркін жеңімпаздарын дайындады. 2018 жылдан бастап Шәміл Абдулбариұлы бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының аға жаттықтырушысы қызметінде еңбек етті», - деп жазады федерацияның ресми сайты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT