Бокстан ұлттық құрама елге оралды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін бокстан Қазақстан құрамасы Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен әлем біріншілігінен елге оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы аталған әлем чемпионатында 1 алтын, 1 күміс, 4 қола жүлде жеңіп алған еді. Осылайша, жалпы медаль кестесінде ұлттық құрама 3-орынға жайғасты.

Әлем біріншілігінде маңғыстаулық Бекзат Нұрдәулетов (81 кг) чемпион атанса, Қамшыбек Қоңқабав (91 кг) күміс медаль иеленді. Ал Сәкен Бибосынов (52 кг), Абылайхан Жүсіпов (69 кг), Тұрсынбай Құлахмет (75 кг) және Василий Левит (91 кг) қола жүлдені қоржынға салған болатын.

Соңғы жаңалықтар