Бокстан «Странджа» кубогі: Оразбек Асылқұлов 1/4 финалға шықты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бокстан Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан «Странджа» кубогінде қазақстандық Оразбек Асылқұлов ширек финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кіші әлем чемпионатында О.Асылқұлов 57 келіге дейінгі салмақта екінші кездесуін бразилиялық Луис Оливейрамен өткізді.

Л.Оливейра алғашқы жекпе-жегінде әлем чемпионы, америкалық Джамал Харвиді ұтып кеткен еді.

Бұл жолы 1/8 финалдық кездесу қазақстандық боксшының басымдылығымен өтті. Төрешілер жеңісті Оразбекке берді, есеп – 3:0.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Странджа» кубогінде қазақстандық сегіз боксшының шаршы алаңға шығатынын жазған болатынбыз.

Фото : sports.kz


Соңғы жаңалықтар