Бокстан Страндж кубогы: Тағы бір қазақ қызы финалға шықты
2022 жылғы 25 ақпан 21:28

Бокстан Страндж кубогы: Тағы бір қазақ қызы финалға шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Болгария астанасында өтіп жатқан Страндж кубогы турнирінде тағы бір қазақстандық былғары қолғап шебері финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

54 келі салмақта Дина Жоламан жартылай финалда италиялық Сирин Чараабиді 5:0 есебімен тізе бүктіріп, кіші әлем семпионы атанып кеткен ірі доданың финалына шықты.

Дина Жоламан аталған турнирде қазақстандық былғары қолғап шеберлері арасынан финалға шыққан екінші боксшы. Осыған дейін әлемнің екі дүркін чемионы Назым Қызайбай 50 келі салмақта финалға шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, бүгін әйелдер арасынан шаршы алаңға шыққан Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Дәриға Шәкімова ресейлік Саадат Далгатовамен қолғап түйістіріп, жеңіліп қалды.

Тағы бір 75 келі салмақта ел намысын қорғаған аруымыз Надежда Рябец Панамадан келген Атейн Байлонға есе жіберіп, финалға шыға алмай қалды.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT