+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Бокстан Президент кубогы: Қазақстандықтар 18 медаль еншіледі

2019 жылғы 20 шілде 20:39
Бөлісіңіз:
Бокстан Президент кубогы: Қазақстандықтар 18 медаль еншіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада Президент кубогына арналған бокс турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Бокстан Конфедерация кубогы Түркістан боксшыларына бұйырды Алматыдағы бокс кешінде қазақстандық нокаутшы Абай Төлештің қарсыласы белгілі болды Садриддин Ахмедов аргентиналық қарсыласын нокаутқа түсірді

Ұлттық олимпиада комиететінің хабрлауынша, Қазақстан ерлер командасы Президент кубогына арналған бокс турнирін жарысты 18 жүлдемен аяқтаған. Оның жетеу – алтын.

Атап айтсақ, 52 келіде Сәкен Бибосынов үздік атанса, 57 келіде Рустам Рустамов жеңіс тұғырына көтерілген. 69 келіде кәнігі боксшы Абылайхан Жүсіпов топ жарса, 75 келіде Азия чемпионы Тұрсынбай Құлахмет ел намысын асқақтатқан. Ерік Әлжанов 81 келіде жеңімпаз атанған. 91 келіде жас боксшы Айбек Оралбай осы салмақты фавориті саналатын Василий Левитпен жұдырықтасқан болатын. Тәжіирбелі Василий Левит турнир чемпионы атанды. Аса ауыр салмақта команда капитаны Қамшыбек Қоңқабаевтың мысы бәрінен басым болды.

Турнирдің 7 күміс медалі де Қазақстанда қалатын болды. Махмұт Сабырхан (52 келі), Ілияс Сүлейменов (57 келі), Зәкір Сафиуллин (63 келі), Талғат Шайкен (69 келі), Бекзат Нұрдәулетов (81 келі), Айбек Оралбай (91 келі) және Нұрлан Сапарбай (+91 келі) финалда ғана сүрінген.

«Турнир жоғары деңгейде өтті. Көрсе көз тоятын жекпе-жектер көп болды. Бұл сында Абылайхан Жүсіпов өз мықтылығын дәлелдеді. Финалда жас спортшы Талғат Шайкенмен кездесті. Шыны керек, Жүсіповтің мықтылығы көзге ұрып тұрды. 75 келіде Тұрсынбай Құлахмет жақсы қырынан танылды. Қамшыбек Қоңқабаев пен Василий Левит те үздіктер қатарында. Әсіресе, Азия чемпионатындағы жеңілістен соң Левиттің бабына келгені байқалады. Финалда Айбек Оралбаймен жұдырықтасып, жеңіске жетті. Әрине, Айбек те беріле салған жоқ. Алайда, оған физикалық тұрғыдан әлі дайындық керек. 57 келі және 81 келіде нақты көшбасшы жоқ. Мамандармен тағы да ақылдасу қажет», - дейді команданың бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев.

Қоржында тағы 4 қола бар. Олжас Байниязов 52 келіде, Қайрат Ерәлиев 57 келіде, Абзал Құттыбеков 91 келіде, Нұрболат Сермаханов 91 келіден жоғары салмақта үздік үштіктен көрінді. Халықаралық турнирдің «Үздік боксшы» атағын Махмұт Сабырхан алып қалды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Бокс,
Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT