Бокстан олимпиадалық іріктеу турнирі: Сәкен Бибосынов ширек финалда сүрінді

None
None
АММАН. ҚазАқпарат – Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде бүгін алғашқы болып рингке шыққан Сәкен Бибосынов қарсыласына жол берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ширек финалда 52 келіге дейінгі салмақтағы Сәкен Бибосынов қытайлық Ху Жинхуамен жұдырықтасты. Аса тартысты өткен жекпе-жек қорытындысында төрешілер қытайлық боксшыны жеңімпаз деп тапты.

Бұл Ғалымбек Кенжебаев баптайтын боксшылардан жарыс жолынан шығып қалған алғашқы боксшы.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін 69 келі салмақта Абылайхан Жүсіпов, 81 келі салмақта Бекзат Нұрдәулетов, 91 келі салмақта Василий Левит, 75 келі салмақта Әбілхан Аманқұл және аса ауыр салмақта (+91) ел намысын қорғап жатқан Қамшыбек Қоңқабаев Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алған болатын.

Енді бүгін Бибосыновтан басқа тағы екі боксшымыз шаршы алаңға шығады. Олар - 57 келіде Серік Теміржанов пен 63 келі салмақтағы Зәкір Сафиуллин.


Соңғы жаңалықтар