Бокстан олимпиадалық іріктеу турнирі: Әбілхан Аманқұл «күміс» алды

None
None
АММАН. ҚазАқпарат – Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде ел қоржы екінші күміс медальмен толықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

75 келі салмақта сынға түскен Әбілхан Аманқұл турнир финалында филиппиндік Эумир Марсьяльмен жұдырықтасып, жеңіліп қалды.

Алтын үшін айқаста қос боксшы да аянып қалған жоқ. Аса тартысты өткен жекпе-жек қорытындысында төрешілер бір ауыздан филиппиндік боксшыны жеңімпаз деп тапты.

Осылайша, финалға шыққан төрт боксшымыздың екеуі алтынға сынық сүйем қалғанда сүрініп, күмісті қанағат тұтты.

Естеріңізге сала кетсек, Әбілхан Аманқұл кеше жартылай финалда Қытай елінің намысын қорғап жүрген, сол елде тұратын қандасымыз Таңатхан Тоқтарбекті ұтып, финалға жолдама алған болатын.

Енді, «алтын» медаль үшін шаршы алаңға шығатын екі боксшымыз қалды. Олар - 81 келі салмақта Бекзат Нұрдәулетов пен 91 келі салмақта сынға түсетін Василий Левит.

Айта кетсек, осыған дейін 63 келі салмақта Зәкір Сафиуллин күміс медаль жеңіп алғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар