Бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирі: Зәкір Сафиуллин алғашқы айқасында жеңіске жетті

None
None
СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде ерлер арасында 63 келі салмақта Зәкір Сафиуллин шаршы алаңға шығып, алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол алғашқы кездесуді Қытай боксшысы Жанг Шанмен өткізіп, қарсыласын жарыс жолынан тайдырды.

Осылайша, Ғалымбек Кенжебаев баптайтын боксшылар алғашқы жекпе-жектерін жеңіспен бастады.

Енді санаулы минуттардан кейін 81 келі салмақта сынға түсетін Бекзат Нұрдәулетов шаршы алаңға шығады. Ол Жаңа Зеландия өкілі Жером Помпеллонеге қарсы шығады. Сондай-ақ, кешкі сессияда тағы бір боксшымыз 75 келі салмақта Әбілхан Аманқұл Олимпиада жолдамасына таласты бастайды.

Естеріңізге сала кетейік, кеше әйелдер боксынан шаршы алаңға шыққан қазақстандық екі спортшы қарсыластарына жол беріп, жолдамадан тыс қалды. Турнирде Олимпиада ойындарына барлығы 63 лицензия үлестіріледі.


Соңғы жаңалықтар