Бокстан олимпиада чемпионы Е.Ыбырайымов батысқазақстандық балғын спортшылармен кездесті

None
None
ОРАЛ. Қарашаның 24-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Бокстан жастар арасында Қазақстан біріншілігінің Ақ Жайықта өткізілуіне байланысты Оралға келген олимпиада чемпионы Ермахан Ыбырайымов спортқа дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында болып, осындағы балғын спортшылар мен олардың бапкерлерімен кездесті,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олимпиада жеңімпазы өзінің өмір жолы туралы әңгімелеп, спорттағы табыстарға қалай қол жеткізуге болатыны жөнінде айтып берді. Аталмыш мектептен де болашақта олимпиада, әлем чемпиондарының шығуына тілектестігін білдірді. Мұнда қазіргі кезде 250-дей жеткіншек спорттың он төрт түрінен жаттығуда. Е.Ыбырайымов олармен шеберлік сағатын да өткізді.

Соңғы жаңалықтар