Бокстан Лондонда өтетін еуропалық іріктеу турнирі тоқтатылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемдегі коронавирус қаупіне байланысты Халықаралық Олимпиада комитеті бокстан Лондонда өтетін еуропалық іріктеу турнирін уақытша тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлағандай, Лондонда өтетін еуропалық іріктеу турниріннен бөлек, Америкадағы іріктеу бәсекесі мен мамыр айында өтуі тиіс әлемдік кезең де кейінге шегерілген.

14 наурыз күні бастау алған Еуропа аймақтық іріктеу турнирі бүгін кешкі сессия кездесуінен соң тоқтатылады. Турнир 24 наурызда аяқталуы тиіс еді. Ұйым мұндай қадамға спортшылар мен ресми тұлғалардың және турнирді ұйымдастыруға жауапты барлық қатысушылардың денсаулығын қорғау мақсатында барған.

Десе де, Халықаралық Олимпиада комитеті Токиодағы Олимпиада ойындарының дәл уақытында басталатынына сенімді.


Соңғы жаңалықтар