Бокстан ҚР чемпионатының алғашқы жүлдегерлері анықталды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда бокстан өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында 52 келіге дейінгі және 91 келіден астам салмақтарда алғашқы жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, 52 келіге дейінгі Азат Махметов 2017 жылғы ел чемпионы Олжасбай Ниязовты медальға таласу мүмкіндігінен айырды. Жартылай финалға сондай-ақ 26 жастағы тәжірибелі боксшы Әнуар Мұзапаров пен «Астана арланс» клубының мүшесі Сәкен Бибосынов өтті.

52 келіге дейінгі санатта жартылай финалда кездесетін жұптар: Азат Махметов  (Астана) - Әнуар Мұзапаров (Алматы облысы) және Сәкен Бибосынов (Түркістан облысы) - Абай Қуандықов (Ақтөбе облысы).

+91 келі санатында ½ финалға  Ұлттық құраманың лидері, қызылордалық Қамшыбек Құнқабаев өтті. Ұлттық құраманың екінші номерлі боксшысы, ақтаулық Айболды Дәуренұлы мен қостанайлық Данил Семеновтың арасындағы жекпе-жек қазақстандық төрешілердің шешімімен Д.Семеновтың пайдасына 5:0 есебімен аяқталды. Бірақ Маңғыстау облысының командасы бұл шешіммен келіспей, шетелдік үш төрешіге жүгінді. Олардың барлығы жеңісті А.Дәуренұлына берді. Бұл шешім түпкілікті болып саналады.

Осылайша, +91 кг салмақта келесі жұптар кездеседі: Қамшыбек Құнқабаев (Қызылорда облысы) - Ержан Сейтімбетов (Ақтөбе облысы) және Нұрлан Сапарбай (Түркістан облысы) - Айболды Дәуренұлы (Маңғыстау облысы).


56 келіге дейінгі салмақта ширек финалдық ойындар келесі құрамда өтеді:

Қайрат Ералиев (Түркістан облысы) - Нұрсұлтан Исахан (Астана)

Жандос Шерәлі (Алматы) - Жанболат Қыдырбаев (Жамбыл облысы)

Нұрбол Қалжанов (Маңғыстау облысы) - Айбек Досанов (Алматы облысы)

Сағындық Молдашев (БҚО) - Оразбек Асылқұлов (Ақмола облысы)

64 кг

Бекдәулет Ибрагимов (Түркістан облысы) - Ділмұрат  Межитов (Алматы)

Алмазбек Әлібеков (Шымкент) - Сабыржан Бекбергенов (Ақмола облысы)

Николай Шваб (Қостанай облысы) - Мирасәлі Сәрсенов (Жамбыл облысы)

Дулат Бекбауов (Жамбыл облысы) - Санатәлі Төлтаев (Маңғыстау облысы)

69 кг

Асланбек Шымбергенов (Жамбыл облысы) - Руслан Шаймерденов (Қарағанды облысы)

Маулен Өскенбек (Маңғыстау облысы) - Бекболат Құрамысов (Атырау облысы)

Қанағат Маралов (Астана) - Бекзод Халметов (Шымкент)

Аятолла Такижанов (Павлодар облысы) - Абылайхан Жүсіпов (Қарағанды облысы)

Бокстан Қазақстанның жаңа чемпиондары және ұлттық құраманың жаңа сапы 18 қараша күні аталатын болады. Ақтауда өтіп жатқан жарысты тікелей эфирден Qazsport телеарнасы көрсетуде.


15 қараша күнгі жекпе-жектердің нәтижелері.

52 кг (ширек финал)

Олжас Байниязов (Шымкент) - Азат Махметов (Астана) 2:3

Евгений Павлов (СҚО) - Әнуар Мұзапаров (Алматы облысы) 2:3

Қанат Санғыл (Астана) - Абай Қуандықов (Ақтөбе облысы) 0:4

56 кг

Қайрат Ералиев (Түркістан облысы) - Нариман Амантай (Түркістан облысы) 5:0

Айшуақ Қасанов (Павлодар облысы) - Нұрсұлтан Исахан (Астана) 0:5

Берік Жедібаев (Маңғыстау облысы) - Жандос Шерәлі (Алматы) 0:5

Жолдас Женісов (СҚО) - Жанболат Қыдырбаев (Жамбыл облысы) 0:5

Нұрбол Қалжанов (Маңғыстау облысы) - Нұрсұлтан  Көшеғұлов (Ақмола облысы) 5:0

Думан Байдадай (Алматы) - Айбек Досанов (Алматы облысы) 0:5

Сағындық Молдашев (БҚО) - Нығметолла Молдашев (ШҚО) 5:0

Оразбек Асылқұлов (Ақмола облысы) - Ілияс Сүлейменов (Астана) 3:2

64 кг

Бекдәулет Ибрагимов (Түркістан облысы) - Адам Магаев (СҚО) 5:0

Гауез Қазбек (Павлодар облысы) - WP 4:0 R2 Ділмұрат  Межитов (Алматы)

Алмазбек Әлібеков (Шымкент) - Нұржан Мақашбаев (Алматы облысы) 5:0

Саят Мұратбеков (ШҚО) - Сабыржан Бекбергенов (Ақмола облысы) 0:5

Қуан Қуатов (Павлодар облысы) - Николай Шваб (Қостанай облысы) 0:5

Мирасәлі Сәрсенов (Жамбыл облысы) - Асқар Ерубек (Алматы облысы) 3:2

Әділ Зәкір (Астана) - Дулат Бекбауов (Жамбыл облысы) 0:5

Данияр Қауышқан (Қызылорда облысы) - Санатәлі Төлтаев (Маңғыстау облысы) 1:4

69 кг

Асланбек Шымбергенов (Жамбыл облысы) - Айдархан Нұқанов (Астана) 5:0

Рүстем Байназаров (Ақмола облысы) - Рустам Шаймерденов (Қарағанды облысы) 0:5

Мәулен Өскенбек (Маңғыстау облысы) - Қазыбек Сәпенов (Атырау облысы) 5:0

Бекзат Сабыр (Түркістан облысы) - Бекболат Құрамысов (Атырау облысы) 0:5

Қанағат Маралов (Астана) - Рай Сейітжан (Ақтөбе облысы) 3:2

Манас Қапышев (Алматы облысы) - Бекзод Халметов (Шымкент) 0:5

Аятолла Такижанов (Павлодар облысы) - Азамат Ибраимов (ШҚО) 5:0

Станислав Цой (Жамбыл облысы) - Абылайхан Жүсіпов (Қарағанды облысы) 0:5

+91 (ширек финал)

Қамшыбек Құнқабаев (Қызылорда облысы) - Нұрлан Нұрсейітов (Шымкент) 5:0

Ержан Сейтімбетов (Ақтөбе облысы) - Нұрсұлтан Аманжолов (Жамбыл облысы) 3:2

Нұрлан Сапарбай (Түркістан облысы) WP 3:1 R2 - Нұрболат Сермаханов (Астана)

Данила Семёнов (Қостанай облысы) - Айболды Дәуренұлы (Маңғыстау облысы) 0:3

 

 

Соңғы жаңалықтар