Бокстан ҚР чемпионаты: Ширек финалға кімдер шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Ақтауда бокстан өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында бес салмақтан ширек финалға шыққан боксшылар белгілі болды,  деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарыс әлі жалғасуда.

Біріншілікке қатысушылар арасында танымал боксшылардан әлем чемпионы Қайрат Ерәлиев, Азия ойындары мен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Әбілхан Аманқұл, Рио Олимпиадасының күміс медаль иегері Василий Левит, Азиада жүлдегері Асланбек Шымбергенов, Теміртас Жүсіпов, Бекдәулет Ибрагимов, Зәкір Сафиуллиндер бар.

49 келідегі ширек финалдық жұптар:

Теміртас Жүсіпов (Ақмола обл) - Сабыр Жолаушиев (Павлодар обл)

Садай Фарзалиев (Шымкент) - Жомарт Ержан (Түркістан обл)

Жандос Несіпжан (Алматы обл) - Дінмұхамед Ибрагимов (Маңғыстау обл)

Ермек Мәдиев (Жамбыл обл) - Шалқар Айқынбай (Шымкент)

60 келідегі ширек финалдық жұптар:

Закир Сафиуллин (Шымкент) - Асылхан Ұзақбаев (Атырау обл)

Бағдат Уайдаев (Қызылорда обл)- Әл-Мұхаммед Махмұт (Маңғыстау)

Рустам Рустамов (Алматы обл) - Саматәлі Толтаев (Маңғыстау)

Дархан Жұмсақбаев (Астана) - Серік Теміржанов (Павлодар обл)

75 келідегі ширек финалдық жұптар:

Әбілхан Аманқұл (Жамбыл обл) - Сергей Карбивничный (Қостанай обл)

Сапарбай Айдаров (Алматы) - Тұрсынбай Құлахмет (Қызылорда обл)

Аман Қазанғапов (Жамбыл обл) - Ақжол Әбдіхан (СҚО)

Амандық Манашев (Атырау обл) - Ерік Әлжанов (Маңғыстау обл)

91 келідегі ширек финалдық жұптар:

Василий Левит (Астана) - Артём Пчеляков (Қостанай обл)

Эльдияр Қамшыбеков (СҚО) - Алексей Севостьянов (Қарағанды обл)

Абзал Құттыбеков (Түркістан обл) - Жәнібек Қартбаев (Ақтөбе обл)

Мұхамеджан Еркін (Шымкент) - Бекзат Нұрдәулетов (Маңғыстау обл)

+91 келідегі ширек финалдық жұптар:

Қамшыбек Қоңқабаев (Қызылорда обл) - Нұрлан Нұрсейітов (Шымкент)

Ержан Сейтімбетов (Ақтөбе обл) - Нұрсұлтан Аманжолов (Жамбыл обл)

Нұрлан Сапарбай (Түркістан обл) - Нұрболат Сермаханов (Астана)

Данила Семенов (Қостанай обл) - Айболды Дәуренұлы (Маңғыстау).

Соңғы жаңалықтар