+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Бокстан конфедерация кубогы: Елорда құрамасы финалда бақ сынайды

2019 жылғы 7 желтоқсан 16:09
Бөлісіңіз:
Бокстан конфедерация кубогы: Елорда құрамасы финалда бақ сынайды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бокстан конфедерация кубогында финалға екінші жолдаманы Нұр-Сұлтан қаласының былғары қолғап шеберлері жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Головкиннің айқасын 2020 жылы болатын үздік жекпе-жектер тізіміне енгізді «Канелоның» келесі айқасы қашан өтетіні белгілі болды WBC Олимпиада ойындарына қатысқаны үшін кәсіпқой боксшыларды қатаң жазалайды

Естеріңізге сала кетелік, Алматы қаласындағы «Балуан шолақ» спорт сарайында бүгін жартылай финал ойындары өткізілді. Алғашқы жұпта Түркістан облысының спортшылары қарағандылық әріптестерін 5:3 есебімен тізе бүктірді.

Екінші жұпта Нұр-Сұлтан қаласы мен Маңғыстау облысының былғары қолғап шеберлері шаршы алаңға шықты. Алдымен 52 келіде елордалық боксшы маңғыстаулық Қуаныш Дүйсенбайды, одан кейін 57 келіде елордалық Ілияс Сүлейменов Нұрбол Қалжановты жеңді. Ал 63 келіде маңғыстаулық Санатәли Төлтаев Нұр-Сұлтан қаласының боксшысы Самат Бегімбаевтың осал тұсын тапты. Сондай-ақ, 69 келіде бақ сынасқан елордалық Қанағат Маралов пен маңғыстаулық Мәулен Өскенбек жекпе-жегінде алғашқысының мерейі үстем болды. Одан кейінгі 75 келіде маңғыстаулық Ақжол Әбдіхан елордалық Тимур Нұрсейітовті, 81 келіде маңғыстаулық Бекзат Нұрдәулетов елордалық Нұрбек Оралбайды тізе бүктірді.

Ал 91 келіде елордалық Айбек Оралбай маңғыстаулық Мағжан Базарбайдан, 91 келіден жоғары салмақта елордалық Нұрболат Сермаханов маңғыстаулық Айболды Дәуренұлынан басым түсті. Осылайша Нұр-Сұлтан қаласының боксшылары маңғыстаулық әріптестерін 5:3 есебімен тізе бүктірді. Енді олар 8 желтоқсанда финалда Түркістан облысының құрамасымен шеберлік байқасады.

Бокстан Конфедерация кубогы 2010 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұдан бұрын Маңғыстау облысы үш мәрте жеңімпаз (2012, 2016, 2018) атанса, Нұр-Сұлтан қаласы екі (2010, 2013), Түркістан облысы екі (2015, 2017), Қарағанды облысы бір (2011) мәрте биік тұғырдан көрінді.

Бокстан Конфедерация кубогының топтық кезеңінің жеребесі биылғы жылдың қыркүйек айында тартылған болатын.

Фото: www.facebook.com/boxingkazakhstan

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Спорт, Бокс,
Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT