Бокстан Қазақстанның жаңа ұлттық құрамы: Ниязымбетовтың орнын кім басады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтауда бокстан ел біріншілігінің жартылай финалынан соң, 2019 жылға арналған жаңартылған ұлттық құрама сапына алынатын спортшылардың аты-жөндері жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның бокс федерациясына сілтеме жасап.

Жаңа құрам Азия чемпионатында әлемдік чемпионатқа шығу үшін, кейінірек олимпиадалық лицензиялар үшін бақ сынайды.

«Команда құрамына чемпионаттың барлық жартылай финалистері кірді. Сондай-ақ Жастар құрамасынан ауысқан жақында 18-ге толатын болашағынан үміт күттіретін спортшылар бар. 81 келіге дейінгі салмақта құрама капитаны болған Әділбек Ниязымбетов мансабын аяқтады. Одан басқа салмақтарда көшбасшылар өзгерген жоқ», - деді құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов.

Оның пікірінше, Әділбек Ниязымбетовтің орнын баса алатын спортшы - Бек Нұрмағанбет.

«Денсаулық жағдайына қарамастан Әділбектің команданы тастап кетпегені жастарға пайдалы болды. Біреулер Левит пен Ералиевті біраз жасқа келді деп сынауы мүмкін. Уақыты келгенде өздері кету туралы шешімді қабылдайды. Олар командада жүргенде 18-19 жастағы спортшыларға көп нәрсе үйретеді, сабақтастық орнайды. Әйтсе де, жастардың аяққа нық тұруы үшін бір жарым, екі жыл қажет», - дейді бас бапкер.

null 

Алғашқы жиын 6-13 желтоқсан күндері өтеді. Онда команданың жаңа капитаны сайланады. Қаңтардан бастап 2019 жылдың екі басты жарыстары - Азия және Әлем чемпионатына жоспарлы дайындық басталады.

Бокстан 2019 жылға арналған ұлттық құрама командасының штаттық құрамы:

49 келі

Теміртас Жүсіпов

Ермек Мәдиев

Жомарт Ержан

Жандос Несіпжан

52 келі

Сәкен Бибосынов

Азат Махметов

Әнуар Мұзапаров

Абай Қуандықов

56 келі

Қайрат Ералиев

Жанболат Қыдырбаев

Нұрбол Қалжанов

Оразбек Асылқұлов

60 келі

Зәкір Сафиуллин

Саматәлі Толтаев

Серік Теміржанов

Бағдат Уайдаев

64 келі

Бекдәулет Ибрагимов

Санатәлі Толтаев

Сабыржан Бекбергенов

Талғат Шәкен

69 келі

Абылайхан Жүсіпов

Асланбек Шымбергенов

Ермахан Жәпеков

Мәулен Өскенбек

75 келі

Әбілхан Аманқұл

Ерік Әлжанов

Тұрсынбай Құлахмет

Нұрбек Оралбай

81 келі

Бек Нұрмағанбет

Тимур Ержанов

Михаил Коханчик

Нұрлан Сабыров

91 келі

Василий Левит

Бекзат Нұрдәулетов

Абзал Құттыбеков

Айбек Оралбай

+91

Қамшыбек Қоңқабаев

Нұрлан Сапарбай

Айболды Дәуренұлы

Дамир Тойбай.

Соңғы жаңалықтар