Бокстан Қазақстанның жаңа чемпиондары белгілі болды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда ерлер арасындағы еліміздің бокс чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылғы бокс бәсекесінің жүлде саны жағынан жалпы командалық есепте көшті Түркістан облысы бастады, олардың қоржынында 2 алтын, 3 күміс және 2 қола медаль бар. ІІ орынға 1 алтын, 3 күміс және 4 қола жүлдемен Маңғыстау облысы тұрақтады. ІІІ орын жамбылдықтарға бұйырды, олардың қанжығасында 1 алтын, 2 күміс, тиісінше 3 қола жүлде бар.

Бұл бәсекеде негізінен  танымал және тәжірибелі боксшылар көш бастады, дегенмен аталған спорт түрі жаңа есімдермен де толықты. Атап айтқанда, Ақмола облысының 20 жастағы боксшысы Оразбек Асылқұлов пен түркістандық 21 жасар боксшы Сәкен Бибосынов. 

О.Асылқұлов алғаш рет финалға дейін жетті,  ақтық жекпе-жекте Ерәлиевке күш басымдығын көрсете алмай, күмісті қанағат тұтты. Ол ұлттық құрама командасына қабылданды. Ал Қайрат Ерәлиев өз кезегінде осымен 3-ші рет бокстан Қазақстан чемпионы атанды.

Екінші жаңа есім Сәкен Байбосынов 52 келіге дейінгі салмақта алматылық Әнуар Мұзапаровқа қарымды қарсылық көрсете білді, дегенмен жекпе-жек нәтижесінде алтын алматылық боксшыға бұйырды. Байбосынов та күміспен қоса ұлттық құрама қатарына қосылды. 

Сонымен қатар 49 келіге дейінгі салмақта 30 жасар Теміртас Жүсіпов осымен қатарынан 5-іншіі рет ел чемпионы атағына ие болды. Ол Жамбыл облысының спортшысы Ермек Мәдиевті 5:0 есебімен жеңді. Сондай-ақ, 31 жасар Закир Сафиуллин 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Саматәлі Толтаевтан 5:0 есебімен басым түсті.   

64 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионатының жеңімпазы 23 жасар Бекдәулет Ибрагимовтің бәсекелесі 19 жасар Санатәлі Толтаев екеуінің жекпе-жегі күтпеген нәтижемен аяқталды. Жұдырықтасу барысында Ибрагимов ауыр жарақат алып, боксты жалғастыра алмады. Төреші екі раундтан соң жекпе-жекті тоқтатып, жеңіс маңғыстаулық спортшыға бұйырды. «Мен өз қуанышымды сөзбен жеткізе алмаймын. Бекдәулет Ибрагимов өте мықты қарсылас, дегенмен мен жақсы дайындалдым және жеңгеніме қуаныштымын», - деді ол.

Ел чемпионатындағы ерекше атап өтерлік айқастың бірі 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі Асланбек Шымбергенов пен Абылайхан Жүсіповтің жұдырықтасуы болды. Бірінші раундта Абылайханның қатты соққысынан Асланбек нокдаун алды. Төрешілер 5:0 есебімен жүлдені қарағандылық А. Жүсіповке берді.

Одан бөлек, 21 жасар бокстан әлем, Азия чемпионаты және Азия ойындарының чемпионы жамбылдық Әбілхан Аманқұл 27 жастағы Ерік Әлжановты сүріндіріп, жүлдені қанжығасына байлады.  Ад рудныйлық Михаил Коханчик алған жарақатының салдарынан финалдан бас тартып, оның қарсыласы түркістандық Бек Нұрмағанбет жекпе-жексіз чемпион атанды.

Және де 91 келіге дейін салмақ дәрежесі бойынша елордалық Василий Левит жалғыз өзі финалға шықты. «Менің Қазақстанның бокс чемпионатынан қол үзгеніме біраз уақыт болды, соңғы рет 2012 жылы қатыстым. Айтпағым, осы уақыт ішінде барлық қарсыластар өте қарымды болғандығын байқадым, дегенмен басты мақсатты орындадым, алда жіберген қатеммен жұмыс жасаймын және одан әрі дами түсу керек», - деді ол.

Тағы бір чемпиондық атақ қызылордалық Қамшыбек Қоңқабаевқа бұйырды, ол өзінің қарсыласы түркістандық Нұрлан Сапарбайдан 5:0 есебімен басым түсті.  

Қазақстан бокс чемпионаты - 2018 спорттық бәсекесінің финалдық жекпе-жегінің қорытындылары:

49 келі

Теміртас Жүсіпов (Ақмола облысы) - Ермек Мәдиев (Жамбыл облысы) 5:0

52 келі

Әнуар Мұзапаров (Алматы облысы) - Сәкен Бибосынов (Түркістан облысы) 5:0

56 келі

Қайрат Ерәлиев (Түркістан облысы) - Оразбек Асылқұлов (Ақмола облысы) 5:0

60 келі

Закир Сафиуллин (Шымкент) - Саматәлі Толтаев (Маңғыстау облысы) 5:0

64 келі

Бекдәулет Ибрагимов (Түркістан облысы) - RSC R2 Санатәлі Толтаев (Маңғыстау облысы)

69 келі

Асланбек Шымбергенов (Жамбыл облысы) - Абылайхан Жүсіпов (Қарағанды облысы) 0:5

75 келі

Әбілхан Аманқұл (Жамбыл облысы) - Ерік Әлжанов (Маңғыстау облысы) 5:0

81 келі

Бек Нұрмаганбет (Түркістан облысы) WO - Михаил Коханчик (Қостанай облысы)

91 келі

Василий Левит (Астана) - Бекзад Нұрдәулетов (Маңғыстау облысы) 5:0

+91 келі

Қамшыбек Қоңқабаев (Қызылорда облысы) - Нұрлан Сапарбай (Түркістан облысы) 5:0

Қазақстан бокс чемпионатының жеңімпаздары:

49 келі

I Теміртас Жүсіпов (Ақмола облысы)

II Ермек Мәдиев (Жамбыл облысы)

III Жомарт Ержан (Түркістан облысы, Жандос Несіпжан (Алматы облысы)

52 келі

I Әнуар Мұзапаров (Алматы облысы)

II Сәкен Бибосынов (Түркістан облысы)

III Азат Махметов (Астана), Абай Қуандықов (Ақтөбе облысы)

56 келі

I Қайрат Ерәлиев (Түркістан облысы)

II Оразбек Асылқұлов (Ақмола облысы)

III Жанболат Қыдырбаев (Жамбыл облысы), Нұрбол Қалжанов (Маңғыстау облысы)

60 келі

I Закир Сафиуллин (Шымкент)

II Саматәлі Толтаев (Маңғыстау облысы)

III Серік Теміржанов (Павлодар облысы), Бағдат Уайдаев (Қызылорда облысы)

64 келі

I Санатәлі Толтаев (Маңғыстау облысы)

II Бекдәулет Ибрагимов (Түркістан облысы)

III Сабыржан Бекбергенов (Ақмола облысы), Мирасәлі Сәрсенов (Жамбыл облысы)

69 келі

I Абылайхан Жүсіпов (Қарағанды облысы)

II Асланбек Шымбергенов (Жамбыл облысы)

III Мәулен Өскенбек (Маңғыстау облысы),  Қанағат Маралов (Астана)

75 келі

I Әбілхан Аманқұл (Жамбыл облысы)

II Ерік Әлжанов (Маңғыстау облысы)

III Тұрсынбай Құлахмет (Қызылорда облысы), Аман Қазанғапов (Жамбыл облысы)

81 келі

I Бек Нұрмағанбет (Түркістан облысы)

II Михаил Коханчик (Қостанай облысы)

III Тимур Ержанов (ШҚО), Нұрлан Сабыров (Маңғыстау облысы)

91 келі

I Василий Левит (Астана)

II Бекзат Нұрдәулетов (Маңғыстау облысы)

III Алексей Севостьянов (Қарағанды облысы), Абзал Құттыбеков (Түркістан облысы)

+91

I Қамшыбек Қоңқабаев (Қызылорда облысы)

II Нұрлан Сапарбай (Түркістан облысы)

III Ержан Сейтімбетов (Ақтөбе облысы), Айболды Дәуренұлы (Маңғыстау облысы).

Соңғы жаңалықтар