Бокстан Қазақстанның кіл мықтылары Азия чемпионатына аттанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бокстан Қазақстан құрамасы Азия чемпионаты өтетін Біріккен Араб Әмірліктеріне аттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінен мәлім еткендей, құрлықтық біріншілік 24 мамырда Дубайда басталады.

Әйелдер құрамасынан Азия чемпионатына қатысатындар: Алуа Балқыбаева, Назым Қызайбай, Дина Жоламан, Владислава Кухта, Римма Волосенко, Милана Сафронова, Валентина Хальзова, Марина Вольнова, Фариза Шолтай, Ләззат Күнгейбаева.

Ерлер арасында Даниял Сәбит, Сәкен Бибосынов, Сабырхан Махмуд, Серік Теміржанов, Зәкір Сафиуллин, Абылайхан Жүсіпов, Әбілхан Аманқұл, Бекзад Нұрдәулетов, Василий Левит және Қамшыбек Коңқабаев шаршы алаңға шығады.

Соңғы жаңалықтар