Бокстан Қазақстан чемпионатының жартылай финалистері анықталды

None
None
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Ақтауда бокстан өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында барлық салмақ санатында жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

49 келіге дейінгі салмақта Теміртас Жүсіпов пен Жомарт Ержан жартылай финалға өтті. Үміткерлердің бірі болған Шалқарбай Айқынбай ширек финалда Жамбыл облысының өкілі Ермек Мәдиевтен жеңілген болатын.

56 келіге дейінгі салмақтағы әлем чемпионы Қайрат Ералиевке 18 жастағы Нұрсұлтан Исахан қарсылас болды және Ералиев еш қиындықсыз 5:0 есебімен жартылай финалға өтті. Онда Қайрат Ералиев пен қызылордалық Жанболат Қыдырбаев қолғап түйістіреді. 

60 келіге дейінгі салмақта 2015 жылғы Азия чемпионы 31 жастағы Зәкір Сафиуллин екі кездесуде де 5:0 есебімен қарсыластарын шаң қаптырды. Жартылай финалда Сафиуллин жастар арасындағы Азия чемпионы, 19 жастағы маңғыстаулық Саматәлі Толтаевпен кездеседі.

Саматәлінің ағасы Санатәлі Толтаев 64 келіге дейінгі салмақта бақ сынап жүр. Егер ол жамбылдық қарсыласы Мирасәлі Сәрсеновты жеңсе, ақтық сында «алтын» үшін 23 жастағы Азия жүлдегері түркістандық Бекдәулет Ибрагимовпен таласқа түседі.  

69 келіге дейінгі салмақта астаналық боксшы Қанағат Маралов пен ринг иесі Мәулен Өскенбек жекпе-жекке шығады.

75 келіге дейінгі салмақта Азия ойындарының және әлем чемпионатының жүлдегері Әбілхан Аманқұлдың топ жаруы әбден мүмкін. Ол үшін екі қарсыластан басым түсуі керек, қарсыластардың бірі - Азия ойындарының вице-чемпионы, 27 жастағы Ерік Әлжанов болуы ықтимал. 

Үздіктер үштігіне енген жартылай финалистер саны бойынша Маңғыстау командасы - 7 спортшымен, Жамбыл облысы - 6 және Түркістан облысы 5 спортшымен көш бастап тұр. 



Жартылай финалдағы жұптар құрамы:

49 келі 

Теміртас Жүсіпов (Ақмола облысы) - Жомарт Ержан (Түркістан облысы)

Жандос Несіпжан (Алматы облысы) - Ермек Мәдиев (Жамбыл облысы)

 

56 келі

Қайрат Ералиев (Түркістан облысы) - Жанболат Қыдырбаев (Жамбыл облысы)

Нұрбол Қалжанов (Маңғыстау облысы) - Оразбек Асылқұлов (Ақмола облысы)

 

60 келі

Зәкір Сафиуллин (Шымкент) - Серік Теміржанов (Павлодар облысы)

Бағдат Уайдаев (Қызылорда облысы) - Саматәлі Толтаев (Маңғыстау облысы)

 

64 келі

Бекдәулет Ибрагимов (Түркістан облысы) - Сабыржан Бекбергенов (Ақмола облысы)

Мирасәлі Сәрсенов (Жамбыл облысы) - Санатәлі Толтаев (Маңғыстау облысы)

 

69 келі

Асланбек Шымбергенов (Жамбыл облысы) - Мәулен Өскенбек (Маңғыстау облысы)

Қанағат Маралов (Астана) - Абылайхан Жүсіпов (Қарағанды облысы)

 

75 келі

Әбілхан Аманқұл (Жамбыл облысы) - Тұрсынбай Құлахмет (Қызылорда облысы)

Аман Қазанғапов (Жамбыл облысы) - Ерік Әлжанов (Маңғыстау облысы)

 

81 келі

Бек Нұрмағанбет (Түркістан облысы) - Тимур Ержанов (ШҚО)

Нұрлан Сабыров (Маңғыстау облысы) - Михаил Коханчик (Қостанай облысы)

 

91 келі

Василий Левит (Астана) - Алексей Севостьянов (Қарағанды облысы)

Абзал Құттыбеков (Түркістан облысы) - Бекзат Нұрдәулетов (Маңғыстау облысы)

Еске салайық, бейсенбі күні 52 және +91 келі салмақтарда жартылай финалистер анықталғанын хабарлаған болатынбыз.

Қазақстан чемпионатының ақтық сайысы 18 қараша күні өтеді және сол күні бокстан ұлттық құраманың жаңа құрамы жасақталады. Ақтаудағы жарыстарды Qazsport телеарнасы трансляциялауда.

Соңғы жаңалықтар