+7 (701) 759 90 19
USD 420.32 EUR 509.34
RUB 5.7 CNY 64.85
Jańalyqtar

Бокстан Қазақстан чемпионатының екінші күні қалай өтті

2020 жылғы 24 қараша 20:55
Бөлісіңіз:
Бокстан Қазақстан чемпионатының екінші күні қалай өтті

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкентте бокстан өтіп жатқан ел чемпионатында 24 қарашада 57, 63, 69 келіге дейінгі салмақтағы боксшылар үздік сегіздікке іліну үшін шаршы алаңға шықса, ал 91+ салмақтағылар ширек финалға шығу үшін айқасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Чемпионаттың бүгінгі айқастарының бірі – 69 келі салмақта маңғыстаулық Санатәлі Төлтаев пен павлодарлық Қуан Қуатовтың арасындағы жекпе-жек болды. Төлтаев 2018 жылы бір рет ел чемпионатында топ жарған. Финалда ол тәжірибелі әрі біршама жүлдеге ілінген Бекдәулет Ибрагимовпен басты жүлдені сарапқа салған еді. Бірақ бұл жолы ол мықты қарсыластардың бірі Қуан Қуатовпен кездесті. Әйтсе де чемпион сүрінген жоқ – төрешілер оған бірінші және үшінші раундтың жеңімпазы деп таныды. Артынша павлодарлық боксшы Қуатов Алматыдан келген Асан Ерубекпен қолғап түйістіреді. «Қазақтың оң жамбасындағы» салмақта басты үміткер ретінде Абылайхан Жүсіпов пен Асланбек Шымбергенов келе жатыр. Өздерінің рейтингтерінің арқасында олар бастапқы кезеңдегі айқастарға қатыспайды.

Ширек финалда қыздар арасында 54 келіге дейінгі салмақта Дина Жоламан мен Рано Пархатова кездесті. Турнирлік сеткада Дәметкен Келімбет пен Балауса Мұздыманның да рейтингі жаман емес. Ал қыздар арасында 69 келі салмақта Олимпиада жүлдегері Дариға Шәкімоваға қарсы нұрсұлтандық Әсел Құспанова шығатын болды. Ал чемпион Валентина Хальзоваға қарсы Қызылорда облысынан Қуаныш Бурхан шаршы алаңға шығады. Алдыңғы кезеңде Қуаныш алматылық Динар Сатыбалдымен қолғап түйістерген болатын.

25 қарашада шаршы алаңда Шәкімова мен Хальзова өзара мықтыны анықтайды. Ал ерлер арасында рейтингтері жоғары боксшылар өнер көрсетеді.

Чемпионаттың үшінші күнінде Зәкір Сафиуллинге қарсы Әли Ақеділов (Шығыс Қазақстан), Әділхан Аманқұлға қарсы қарағандылық Ерсұлтан Советов, Ерік Әлжановқа қарсы маңғыстаулық Марат Қасаев (Шығыс Қазақстан) кездесу өткізеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT