Бокстан Қазақстан чемпионаты басталады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Павлодарда бокстан Қазақстан чемпионаты басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Чемпионаттың ресми ашылуы кешкі сағат 16-00-ге жоспарланған. Бұл күні 56 келіде - 4, 60 келіде - 6, 69 келіде - 3, 75 келіде - 6 және 91 еліде 1 жекпе-жек өтеді. Жартылай финалдық және ақтық кездесу қарашаның 26-27-сі күндеріне жоспарланған.

null  

Айта кетерлігі, 46-49 келі салмақ санатында чемпиондық атақ үшін 13 боксшы таласады. Олардың қатарында Теміртас Жүсіпов, Айбек Рымбекұлы, Жомарт Ержан сынды былғары қолғап шебері бар. Ал 52 келіде 23 боксшы жарыс жолына шығады.

Ал 56 келіде Қайрат Ералиев, Ілияс Сүлейменов бастаған 20 былғары қолғап шебері бір-бірімен айқасады. 60 келіде Зәкір Сафиуллин, Мейірболат Тоитов сынды 22 боксшы бақ сыйнайды.

25 боксшы 64 келіде Қазақстан чемпионы атануға үмітті. Олимпиада ойындарындағы қазақстандық салмақ атанған 69 келіде 19 спортшы жұдырықтасады. Ал 75 келіде кім мықты екендігі 22 боксшы арасында анықталады.

81 келіде жұдырықтасатын 14 боксшының қатарында Жәнібек Әлімханұлы да бар. 91 келіде 17, ал 91 келіден жоғары салмақ санатында 11 боксшы шаршы алаңға көтеріледі. 

Соңғы жаңалықтар