Бокстан іріктеу турнирі: Надежда Рябец жартылай финалда сүрінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде әйелдер арасынан жалғыз өзі жолдама ұтып алған жерлесіміз жартылай финалда қарсыласына жол берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

75 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан Надежда Рябец жартылай финалда австриялық Кэйтлин Паркермен қолғап түйістірді.

Аса тартысты өткен жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер Паркерді жеңімпаз деп тапты. Жерлесіміз Надежда Рябец қола медальді қанағат тұтты.

Естеріңізге сала кетейік, отандасымыз ширек финалда вьетнамдық Нгуенмен кездесіп, жеңіске жетіп қана қоймай, Олимпиада жолдамасын қанжығасына байлаған болатын.

Осылайша, Ерік Алғабек жаттықтыратын Қазақстан әйелдер командасы аталған турнирде бір жолдама, бір қола медаль жеңіп алды.

Айта кетейік, әйелдер боксынан олимпиадалық іріктеу турниріне 5 салмақтан 5 боксшы барған болатын. Өкінішке қарай, соның біреуі ғана Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды.


Соңғы жаңалықтар