Бокстан ерлер құрамасы Алматыда оқу-жаттығу жиынын өткізеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы 25 мамыр-12 маусымда Алматы қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап.

Бұл елімізде коронавирус инфекциясына байланысты жарияланған төтенше жағдай режимінен кейінгі алғашқы оқу-жаттығу жиыны болады.

«Жаттығу жұмыстары арнайы физикалық дайындық бағдарламасы негізінде жүргізіледі. Аталған шара санитарлық-гигиеналық талаптар бойынша атқарылады. Яғни, ұлттық құрама дайындығына 30 спортшыдан артық шақырылмайды. Төтенше жағдай кезінде боксшылар онлайн негізде жаттығу жасады. Төтенше жағдай режимінің жеңілдетілуіне байланысты қазір белсенді түрде жаттығу жүргізуде. Олар 25 мамырдағы оқу-жаттығу шарасына әзірлігін пысықтауда.Алдағы уақытта Украина, Ресей, Өзбекстан құрамаларымен бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, күз мезгілінде Қазақстан біріншілігін ұйымдастыру ойластырылуда. Боксшылар Халықаралық Олимпиада комитетінің күнтізбесінде көрсеілген халықаралық турнирлерде шеберлігін жетілдіре түседі деген ойдамыз», - деді ұлттық құраманың бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев.

Бұдан бұрын бокстан ерлер арасындағы 2021 жылғы әлем чемпионаты өтетін қала анықталған болатын.


Соңғы жаңалықтар