Бокстан екі дүркін әлем чемпионы атанған қазақ қызына екінші көліктің кілті табыс етілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокстан әйелдер арасында екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбайға Алматы қаласы бокс федерациясының басшылығы су жаңа автокөлік сыйға тартты. Бұл Назымға биыл салтанатты түрде табысталып жатқан екінші автокөлік.

Былтыр қалалық федерацияның басшылығына Қажиев Бақытжан Төлеуқажыұлы келген болатын. Содан бері мегаполис боксында оң өзгерістер орын алуда.

Назымға Toyota Corolla автокөлігінің кілті табысталса, оның жеке бапкері Жұмабек Өмірзақовқа ақшалай сыйлық берілді.

Естеріңізге сала кетейік, осы маусым айының басында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек бокстан Астанада өткен әйелдер арасындағы әлем біріншілігінде екінші мәрте әлем чемпионы атанған боксшыны жеңісімен құттықтап, тағы бір көлікті сыйға тартқан еді. Сондай-ақ Алматы әкімі спортшыға 1 миллион теңгенің сертификаты мен қаладағы танымал фитнес-клубтардың біріне жылдық тегін абонементті қоса тапсырғанын білеміз.

Осылайша Назым Қызайбайға бір айда екі көлік тарту етілді.

                                                                                                                               Күнсұлтан Отарбай

 null null 

Соңғы жаңалықтар