Бокстан Азия чемпионатында тағы екі қазақстандық финалға өтті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Иордания астанасы Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандықтар Дулат Бекбауов пен Нұрқанат Райыс финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дулат Бекбауов 67 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Асадхуджа Муйдинхуджаевпен шеберлік байқасты.

Аса қызу өткен жекпе-жекте боксшылар аянбай айқасты. Тіпті Дулаттың қасы да жарылды. Төрешілер 3:2 есебімен жеңісті қазақстандық боксшыға берді.

Тағы бір қазақстандық Нұрқанат Райыс (75 кг) ирандық Сейедшахин Мусавимен жұдырықтасты.

Бірінші раундта төрешілер ирандық боксшы басым деп тапты. Екінші кезеңде Нұрқанат серпіліс танытты. Қорытынды есеп – 3:0, Н.Райыстың пайдасында.

Осылайша, тағы екі боксшымыз финалға өтті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Гүлсая Ержанның Азия чемпионатының финалына жолдама алғанын, Азия чемпионатында бүгін ерлерден 12 қазақстандықтың ½ финалда шығатынын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қазақстандық боксшы қыздардың финалдағы қарсыластары анықталды.

Боксшы Санжар Тәшкенбай және тағы 2 қазақстандық Азия чемпионатының финалына шықты.

Алуа Балқыбекова бокстан Азия чемпионы атанды.


Фото: kfb.kz


Соңғы жаңалықтар