Бокстан Азия чемпионатында тағы бір қазақстандық жартылай финалға шықты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Таиланд астанасы Бангкокта 22 жасқа дейінгілер арасында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында тағы бір қазақстандық спортшы жартылай финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұрсұлтан Алтынбек 54 келіге дейінгі салмақта бастапқы кездесуін сәтті өткізді.

Қазақстандық боксшы малайзиялық Ахмед Шахар Мухаммед Имдадты үшінші раундта нокдаунға жіберіп, айқын басымдылықпен ұтты.


Сөйтіп ол жартылай финалға жолдама алды. Бұл - кемінде қола жүлде қалтада деген сөз.

Бүгін Санжар Тәшкенбай да жартылай финалға шыққан еді. Ал Даниял Сәбит 51 келіге дейінгі салмақта шаршы алаңның иесі Саенгфет Танаратқа жол берді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық боксшының жастар арасында Азия чемпионатының жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Фото: sports.kz


Соңғы жаңалықтар