Бокстан Азия чемпионатында Римма Волосенко жүлдесіз қалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Иорданияның Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Римма Волосенко жартылай финалға шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен жылғы Азия чемпионы Р.Волосенко 60 келіге дейінгі салмақта моңғолиялық Номин-Эрдене Тугсжаргамен қолғап түйістірді.

Қызу өткен жекпе-жек барысында боксшылар ескерту де алды. Р.Волосенко қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді. Қазылар 3:2 есебімен жеңісті моңғолиялық спортшыға берді.

Бұдан бұрын Қазақстан қоржынына сегіз медаль түскен еді. Жексенбі күні оған алты жүлде қосылды. Бұл медальдар алтын, күміс не қола бола ма, оны алдағы жекпе-жектер көрсетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына сегізінші медаль түскенін жазған болатынбыз.

Азия чемпионатында қазақстандық жеті боксшының сынға түсетіні хабарланды.

Азия чемпионатында Махмуд Сабырхан мен Серік Теміржанов жүлде алды.

Бұған дейін тағы бір қазақстандық боксшы жүлдеге ілікті.

Сондай-ақ, Санжар Тәшкенбай жүлдегерлер сапына қосылды.

Дулат Бекбауов жартылай финалға шықты, ал Алуа Балқыбекова жартылай финалға өтті.


Соңғы жаңалықтар