Бокстан Азия чемпионатында Назым Қызайбай жүлдегерлер қатарына қосылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Иордания астанасы Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Назым Қызайбай жартылай финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай 50 келіге дейінгі салмақта ширек финалда моңғолиялық Мунгунсаран Балсанмен кездесті.

Бәсеке өте қызу өтті. Төрешілердің есебінше, бірінші раундта моңғолиялық боксшының басымдылығы байқалды. Екінші кезеңде Назым қарқынды күшейтіп, таразы басын өзіне аударды. Қазылардың қорытынды есебі – 3:2, Қызайбайдың пайдасында.

Осылайша, Назым Қызайбай да жүлдегерлер қатарына қосылды.

Бүгін кешкі сессияда тағы үш қазақстандық боксшы жүлде үшін таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан Азия чемпионатында Дулат Бекбауовтың жартылай финалға шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Алуа Балқыбекова жартылай финалға өтті.

Ал Римма Волосенко жүлдесіз қалды.

Нұрқанат Райыс қарсыласын нокаутпен ұтып, 1/2 финалға жолдама алды.

Асланбек Шымбергенов пен Нұрбек Оралбай да жартылай финалда.



Фото: olympic.kz



Соңғы жаңалықтар