Бокстан Азия чемпионатында қазақстандықтар қай салмақта өнер көрсетеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иордания астанасы - Амман қаласында өтетін бокстан Азия чемпионатында ерлер мен әйелдер қанша салмақта сынға түсетіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құрлықтық додада ерлер 13, әйелдер 12 салмақта сынға түседі.

Қазірге дейін аталған бәсекеде ел намысын қорғайтын Қазақстан әйелдер құрамасының тізімі белгілі болды.

Ал ерлер құрамасының тізімі жақын күндері анықталады.

Беделді бәсеке Азия бокс конфедерациясы (ASBC) Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ережелері негізінде ұйымдастырылады.

Азия чемпионаты 30 қазан мен 13 қараша аралығында өтеді.


Фото: nova.rs





Соңғы жаңалықтар