Бокстан Азия чемпионатында Қазақстан жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Иордания астанасы Амманда мәресіне жеткен бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық боксшылар құрлық біріншілігінде жалпы саны 21 медаль жеңіп алды, соның алтауы – алтын, жетеуі – күміс, 8-і – қола.

Өзбекстандықтар 13 медальмен (6 алтын, 3 күміс, 4 қола) екінші сатыда.

Үндістандықтар 12 жүлдемен (4 алтын, 2 күміс, 6 қола) үздік үштікті түйіндеді.

Бокстан 2022 жылғы Азия чемпионатының жалпыкомандалық медаль есебі:

1. Қазақстан — 6-7-8

2. Өзбекстан — 6-3-4

3. Үндістан — 4-2-6

4. Иордания — 2-3-2

5. Таиланд — 2-2-1

6. Жапония — 1-5-1

7. Оңтүстік Корея — 1-1-4

8. Тайвань — 1-0-3

9. Филиппин — 1-0-2

10. Вьетнам — 1-0-1

11. Моңғолия — 0-2-8

12. Қырғызстан — 0-0-4

13. Иран — 0-0-2

13. Тәжікстан — 0-0-2

15. Пәкстан — 0-0-1.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан боксшыларының ерлер арасында Азия чемпионатын 3 алтын, 6 күміс, 3 қола медальмен түйіндегенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар