Бокстан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы бір «қола» түсті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Иордания астанасы Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Ләззат Күнгейбаева финалға шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлем чемпионы, ел құрамасындағы аса тәжірибелі боксшылардың бірі Ләззат Күнгейбаева жарысты бірден жартылай финалдан бастады.

Ләззат аса ауыр салмақта үндістандық Альфия Тараннум Акраммен қолғап түйістірді.

Алғашқы екі раундта үндістандық боксшының белсенділігі байқалды. Үшінші кезеңде Ләззат қанша тырысқанымен, ештеңе өзгерте алмады. Жеңіс үндістандық спортшының еншісінде кетті – 0:5.

Осымен күндізгі сессия аяқталды. Күндізгі сессияда Қазақстан намысын қорғаған төрт боксшының үшеуі қола жүлдемен шектелді. Жалғыз Жайна Шекербекова ғана финалға шықты. Ендігі үміт кешкі сессияда шығатын боксшыларда.

Еске салайық, бүгін Азия чемпионатында 9 қазақстандық боксшының жартылай финалдық жекпе-жектері өтетінін жазған болатынбыз.

Назым Қызайбай Азия чемпионатын қола жүлдемен аяқтады.

Жайна Шекербекова финалға шықса, Мәдина Нұршаева «қоланы» қанағат тұтты.


Соңғы жаңалықтар