Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев Азия чемпионатына қатысатын спортшылар тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінен мәлім еткендей, Таиландтың Бангкок қаласында өтетін құрлықтық додасына Қазақстан толық құраммен қатысады.

Ел намысын қорғайтын спортшылар:

49 келі - Теміртас Жүсіпов

52 келі - Әнуар Мұзапаров

56 келі - Қайрат Ерәлиев

60 келі - Зәкір Сафиуллин

64 келі - Санатәлі Толтаев

69 келі - Асланбек Шымбергенов

75 келі - Тұрсынбай Құлахмет

81 келі - Бек Нұрмағанбет

91 келі - Василий Левит

+91 келі - Қамшыбек Қоңқабаев

«Азия чемпионаты қарсаңында боксшылардың барлығына үлкен міндет қойып отырмыз. Барлық салмақта да жүлдеге таласатын боламыз. Турнир алдында Алматыда қысқамерзімді оқу-жаттығу жиыны өтеді. Бәрі сәтімен өтіп жатса, құрлық додасынан жүлдесіз қалмаймыз деген ойдамын. Азиядағы бокстың қарқыны жоғары екенін білесіздер. Бізге Өзбекстан, Таиланд, Үндістан, Филиппин спортшылары басты қарсылас атанбақ. Сары құрлық сынында әлем чемпионатына жолдама жеңіп алуға тырысамыз», - деді бас бапкер Ғалымбек Кенжебаев.

Соңғы жаңалықтар