Бокстан Азия чемпионатында бір боксшымыз жарыс жолынан шығып қалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасынан бір боксшы жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нақтырақ айтсақ, 63,5 келі салмақта ел намысын қорғаған Санатәлі Төлтаев 1/8 финалда өзбекстандық Руслан Абдуллаевқа есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды.

Бұл жекпе-жекте төрешілер бір ауыздан 30:27, 30:27, 30:27, 29:28, 29:28 есебімен өзбек боксшысын жеңімпаз деп тапты.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қазақстан ерлер құрамасы атынан шаршы алаңға бірінші болып шыққан Серік Теміржанов жарысты жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.

57 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз түркменстандық Ихлаз Гылычжановтан айласын асырған болатын.

Айта кетейік, аталған додада ерлер - 13, ал əйелдер 12 салмақта кім мықтыны анықтайды. Фтналдық жекпе-жектер 1-12 қарашаға белгіленген.

Сары құрлық додасын әдеттегідей Азия бокс конфедерациясы (ASBC) Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ережелерін негізге ала отырып ұйымдастырады.







Ашық көздерден алынған фото

Соңғы жаңалықтар