Бокстан Азия чемпионатына кімдер қатысатыны белгілі болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокстан әйелдер арасындағы Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құрлықтық дода 30 қазанда Иордания астанасы Амман қаласында жалауын көтереді.

Қазір ел құрамасы оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Азия чемпионатында Алуа Балқыбекова (48 келі), Назым Қызайбай (50 келі), Жазира Орақбаева (52 келі), Жайна Шекербекова (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Римма Волосенко (60 келі), Аида Әбікеева (63 келі), Мадина Нұршаева (66 келі), Дариға Шәкімова (70 келі), Валентина Хальзова (75 келі), Гүлсая Ержан (81 келі), Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) ел намысын қорғайды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Айзада Мүптілда ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды.



Фото: sports.kz






Соңғы жаңалықтар