Бокстан Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан қыздар құрамасы анықталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бокстан 19-22 жас арасындағы Азия біріншілігі (U-22) 16-27 қаңтар күндері Таиланд елінің астанасы Бангкок қаласында өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан бокс федерациясынан мәлім еткендей, еліміздің қыздар құрамасы 12 салмақ дәрежесінде толық құрамда сынға түседі.⠀

Атап айтқанда, ел намысын мына спортшылар қорғайды:

Әнел Құдайберген (48 кг),

Мөлдір Тойкова (50 кг),

Жансая Рахимберді (52 кг),

Әнел Сақыш (54 кг),

Виктория Графеева (57 кг),

Шахназ Исаева (60 кг),

Назерке Серік (63 кг),

Ақнар Ищанова (66 кг),

Жасмин Қизатова (70 кг),

Дана Дидай (75 кг),

Гүлсая Ержан (81 кг),

Елдана Тәліпова (+81 кг).

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Мырзағали Айтжановтың бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері болғанын жазған едік.


Ашық көздерден алынған фото


Соңғы жаңалықтар