Бокстан Азия чемпионаты: Жасмина Қизатова финалға шықты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан бокстан 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық Жасмина Қизатова финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жасмин Қизатова 70 келі салмақта венгриялық Труонг Мин Тху Кюнхпен қолғап түйістірді. Ол қарсыласынан басым түсіп, финалға жолдама алды.

Жартылай финалға барлығы тоғыз қазақстандық боксшы шыққан еді.

Айта кетсек, бүгін жартылай финалда Мөлдір Тойкова (50 келі) вьетнамдық Тхи Нгок Тран Нгуенге, Әнел Сақыш (54 келі) өзбекстандық Нигина Уктамоваға, Виктория Графеева (57 келі) өзбекстандық Ситора Тұрдыбековаға, Шахназ Исаева (60 келі) таиландтық Порнтип Буапаға есе жіберіп қойды.

Сондай-ақ, Назерке Серік (63 келі) моңғолиялық Бадмаараг Ганзоригтен, Ақнар Ищанова (66 келі) өзбекстандық Навбахор Хамидовадан жеңіліп қалды.

Енді ел құрамасынан Дана Дидай (75 келі), Гүлсая Ержан (81 келі) шаршы алаңға шығады.

Еске салсақ, бұдан бұрын Азия чемпионатында қазақстандық боксшылар ширек финал ойындарын өткізді.


Соңғы жаңалықтар