Бокстан Азия чемпионаты: Жартылай финалдағы қарсыластар анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Таиландта өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының жартылай финалдық бәсекелерінде жұдырықтасатын боксшыларымыздың қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, «Сарықұрлық» додасында 11 боксшымыз жартылай финалға өткенін жазған едік.

Нақтырақ айтар болсақ, ерлерден - 7, ал әйелдер құрамынан 4 боксшы 25 сәуір күні өтетін жартылай финалда сынға түседі. Енді жартылай финалда қазақстандық спортшылар мына елдің боксшыларымен сынға түсіп, финалға өтуге күш салады.

Ерлер:

49 келі. Теміртас Жүсіпов - Дипак (Үндістан)

60 келі. Зәкір Сафиуллин - Шива Тхапа (Үндістан)

64 келі. Санатәлі Толтаев - Баходир Усмонов (Тәжікстан)

75 келі. Тұрсынбай Құлахмет - Нұрсахат Паззыев (Түркменстан)

81 келі. Бек Нұрмағанбет - Эркин Адылбек уулу (Қырғызстан)

91 келі. Василий Левит - Ким Хьен Кю (Оңтүстік Корея)

+91 келі. Қамшыбек Қоңқабаев - Сатиш Кумар (Үндістан)

Әйелдер:

64 келі. Милана Сафронова - Дан Ду (Қытай)

69 келі. Дариға Шәкімова -Ниен Чин Чен (Қытай)

81 келі. Фариза Шолтай - Пуджа Рани (Үндістан)

+81 келі. Ләззат Күнгейбаева - Сяоли Янг (Қытай).

Соңғы жаңалықтар