Бокстан Азия чемпионаты: Валентина Хальзова Қазақстан қоржынына 6-шы «алтынды» салды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бокстан Дубайда өтіп жатқан Азия біріншілігінде Қазақстан қоржынын алтыншы алтын медаль түсті деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

69 келіде жұдырықтасқан Валентина Хальзова ақтық сында Өзбекстан өкілі Навбахор Хамидованы жеңді.

Осылайша, бокстан Қазақстан әйелдер командасы Азия біріншілігіндегі алтындар санын алтыға жеткізді.

Бүгін Алуа Балқыбекова, Назым Қызайбай, Владислава Кухта, Римма Волосенко, Милана Сафроновалар Қазақстан әнұранын шырқатқан болатын.


Соңғы жаңалықтар