Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстандықтар 50-ге тарта медаль жеңіп алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дубайда өтіп жатқан бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігінде мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, 2003-2004 жылғы жасөспірімдер арасында ұлдар 10 салмақта бақ сынады.

Бұған дейін алты салмақта қазақстандық спортшылар чемпион атанғанын хабарлаған едік.

Олардың қатарында 48 келіде Санжар Ташкенбай, 54 келіде Нұрсұлтан Алтынбек, 57 келіде Әбдікәрім Әбдіғалым, 60 келіде Ерасыл Ермек, 63,5 келіде Елнұр Сүйінбай мен 67 келіде Абзал Серік бар.

Қазақстандық тағы екі боксшы Бақберген Әлиасқаров (75 келі) пен Темірлан Мұқатаев (86 келі) алтын медаль алды.

Бақберген Әлиасқаров ирандық Фардин Халифелудың, Темірлан Мұқатаев өзбекстандық Диербек Ураловтың осал тұсын тапты.

Ал Мәди Әміров (92 келі) пен Даниял Сапарбай (92 келіден жоғары) өзбекстандық Нусратбек Тохиров пен Джахонгир Зокировқа есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты.

Сондай-ақ, Арман Алматұлы (71 келі) мен Дәурен Мамыр (80 келі) қола жүлдені місе тұтты.

Осылайша қазақстандық боксшылар 8 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль алып, жалпы командалық есепте бірінші орын алды. Одан кейінгі орындардағы Өзбекстан (3-3-1) мен Үндістан (2-3-4) три серебряные и четыре бронзовые).тұр.

Аталған жастағы қыздарда финалға шыққан жеті боксшының үшеуі алтын алды. Жеңімпаз тұғырынан Милана Аюпова (63 келі), Аида Сарибарова (81 келі) және Диана Магауияева (81 келіден жоғары) чемпион атанды.

Ал күміс жүлде Айшагүл Елеубаева (54 келі), Жұлдыз Шаяхметова (60 келі), Гаухар Шайбекова (70 келі) және Дана Дидай (75 келі) сынды спортшыларға бұйырды.

Ал Гүлназ Бөрібаева (48 келі), Гүлнар Тұрапбай (50 келі), Хава Болкоева (52 келі, Шахназ Исаева (57 келі) және Анар Тұрынбек (66 келі) қола жүлде алды.

Айта кетсек, 29 тамызда 2005-2006 жылғы жасөспірімдер арасында ұлдар 12, қыздар 13 медаль алған болатын.

Осылайша барлық жүлде саны бойынша жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы 19 алтын, 15 күміс, 15 қола медальмен бірінші орын алды.

Одан кейінгі орындарда Өзбекстан (17-10-12) мен Үндістан (14-14-11) тұр.



Соңғы жаңалықтар