Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстандық жастар мен жасөспірімдер финалдық кездесуін өткізеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Біріккен Араб әмірлігінің Дубай қаласында өтіп жатқан бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігінде қазақстандықтар қатысуымен финалдық жекпе-жектер өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Азия біріншілігінен тікелей көрсетілім елорда уақытымен 16:00-де басталады.

Қазақстандықтар қатысуымен өтетін жекпе-жектер төмендегіше:


Жасөспірімдер (2005-2006 жылғылар). Финал

46 келі. Дамир Байпақов пен Аббас Касим (Ирак)

52 келі. Төрехан Сабырхан мен Абдулло Мадаминов (Өзбекстан)

54 келі. Адайбек Ниязбай мен Мироншох Норкосимов (Өзбекстан)

57 келі. Баөтияр Анарбаев пен Далержон Бозоров (Өзбекстан)

66 келі. Ислам Советов пен Фазлиддин Эркинбоев (Өзбекстан)

81 келі. Мохаммед Аттиа-Хамед пен Сардорбек Турсунов (Өзбекстан)

81 келіден жоғары. Ердос Шәріпбек пен Бхарат Джоон (Индия)


Қыздар (2005-2006 жылғылар). Финал

50 келі. Еңлік Бостыбаева мен Шахина Нематова (Өзбекстан)

52 келі. Томирис Мырзакұл мен Тану (Үндістан)

54 келі. Виктория Байдукова мен Гүлдана Тілеубергенова (Өзбекстан)

57 келі. Ұлжан Сәрсенбек пен Анчал Саини (Үндістан)

60 келі. Әсем Таңатар мен Никита Чанд (Үндістан)

63 келі. Әйгерім Қабдолда мен Махи Рагхав (Үндістан)

66 келі. Аружан Жаңабаева мен Санобар Бозорбоева (Өзбекстан)

75 кг. Ақжан Туркістанова мен Пранжал Ядав (Үндістан)

80 келі. Үміт Әбілқайыр мен Санжана (Үндістан)

81 келіден жоғары. Шұғыла Рысбек пен Кирти (Үндістан).


Соңғы жаңалықтар