Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстандық қыздардың қарсыластары анықталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокстан 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында әйелдерде қазақстандық спортшылардың алғашқы қарсыластары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек, құрлықтық дода Таиланд астанасы Бангкок қаласында өткізіледі.

Жарыстың алғашқы сатысында қазақстандық боксшылар Өзбекстан, Филиппин, Вьетнам, Таиланд, Моңғолия, Непал былғары қолғап шеберлерімен кездеседі.

Қазақстан әйелдер құрамасы спортшыларының қарсыластары төмендегіше:

48 келі. Әнел Құдайберген - Фарзона Фозилова (Өзбекстан)

50 келі. Мөлдір Тойкова - Мариэль Таландрата (Филиппины)

52 келі. Жансая Рахымберді - Тхи Хой Нгуен (Вьетнам)

54 келі Әнел Сақыш - Нигина Уктамова (Өзбекстан) / Есуген Оюнцецег (Моңғолия)

57 кгелі Виктория Графеева - Натнича Чонгпронгкланг (Таиланд)

60 келі. Шахназ Исаева - Рашида Тагирова (Өзбекстан) / Порнтип Буапа (Таиланд)

63 келі. Назерке Серік - Бадмаараг Ганзориг (Моңғолия)

66 келі. Ақнар Ищанова - Навбахор Хамидова (Өзбекстан)

70 келі. Жасмин Қизатова - Труонг Мин Тху Кюнх (Вьетнам)

75 кгелі Дана Дидай - Байсон Маникон (Таиланд)

81 кг. Гүлсая Ержан - Триша Джебегу (Непал)

Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан қатысатын бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатының кестесі анықталды.

Фото: sports.kz



Соңғы жаңалықтар