Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстандық екі спортшы финалдық жекпе-жегін өткізеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан бокстан 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионаты финалында бүгін қыздардан қазақстандық екі спортшы сынға түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ел құрамасынан Жасмин Қизатова (70 келі) 9-жұпта өзбекстандық Азиза Зокировамен қолғап түйістіреді. Ол жартылай финалда вьетнамдық Труонг Мин Тху Кюнхты жеңген еді.

Қазақстандық тағы бір былғары қолғап шебері Гүлсая Ержан 11-жұпта таиландтық Пурннипа Чутимен шеберлік байқасады. Жартылай финалда Гүлсая непалдық Триша Джебегуді тізе бүктірді.

Олардың арасынан бұған дейін Жасмин Қизатова (70 келі) вьетнамдық Труонг Мин Тху Кюнхты жеңіп, финалға жолдама алды.

Финалдық кездесулер бүгін, 25 қаңтарда елорда уақытымен 13.00-де басталады.

Жартылай финалға барлығы тоғыз қазақстандық боксшы шыққан еді.

Олардың қатарынан Мөлдір Тойкова (50 келі), Әнел Сақыш (54 келі), Виктория Графеева (57 келі), Шахназ Исаева (60 келі), Назерке Серік (63 келі), Ақнар Ищанова (66 келі), Дана Дидай (75 келі) қола жүлдені місе тұтты.

Еске салсақ, бұдан бұрын бокстан Азия чемпионатында қазақстандық ерлер құрамасынан төрт боксшы өзбекстандық қарсыластарымен кездесетінін хабарлаған болатынбыз.


Фото: Shutterstock



Соңғы жаңалықтар