Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстан әйелдер құрамасы 2-орын алды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Иордания астанасы Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы медаль саны жөнінен екінші орынға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық қыздар 3 алтын, 1 күміс және 5 қола жүлдемен марапатталды.

Алуа Балқыбекова (48 кг), Жайна Шекербекова (54 кг) және Карина Ибрагимова (57 кг) алтын алса, Гүлсая Ержан (81 кг) күміспен күптелді.

Сондай-ақ Назым Қызайбай (50 кг), Жазира Орақбаева (52 кг), Мәдина Нұршаева (66 кг), Дариға Шәкімова (70 кг) және Ләззат Күнгейбаева (+81 кг) қола медальді қанағат тұтты.

Медальдар жөнінен Үндістан қыздары көш бастаса, жапониялықтар үздік үштікті түйіндеді.

Әйелдер арасында 2022 жылғы Азия чемпионатының медальдар есебі:

1.Үндістан — 4-1-2

2.Қазақстан — 3-1-5

3.Жапония — 1-4-0

4.Оңтүстік Корея — 1-1-4

5.Өзбекстан — 1-1-1

6.Тайвань — 1-0-2

7.Вьетнам — 1-0-1

8.Таиланд — 0-2-1

9.Монғолия — 0-1-4

10.Иордания — 0-1-1

11.Филиппины — 0-0-2.

Медаль бәсекесі ертең ерлер арасында өтетін финалдық жекпе-жектерде де қыза түсетін болады. Мұнда қазақстандықтардың негізгі қарсыластары өзбекстандықтар болмақ. Финалға Қазақстаннан тоғыз, Өзбекстаннан жеті боксшы жолдама алса, солардың бесеуі өзара мықтыны анықтайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Азия чемпионатында Айбек Оралбайдың Қазақстаннан тоғызыншы болып финалға шыққанын жазған едік.

Сондай-ақ ерлерден финалға шыққан тоғыз қазақстандықтың бесеуі өзбекстандықтармен кездеседі. Бокстан Азия чемпионатында қазақстандықтардың финалдық жекпе-жектерінің кестесі жарияланды.

Жайне Шекербекова ел қоржынына екінші алтынды салды. Карина Ибрагимова финалда олимпиада чемпионын ұтып, жеңімпаз атанды. Гүлсая Ержан Азияның күміс медаль алды.


Ашық көздерден алынған фото

Соңғы жаңалықтар