Бокстан Азия чемпионаты: Қамшыбек Қоңқабаев күміс жүлде алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан құрамасы Таиланд астанасы Бангкокте өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында соңғы финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев финалдық сында өзбекстандық Баходир Жалоловпен жұдырықтасты. Қортындысында, төрешілер жеңісті өзбек боксшысына тиесілі деп шешім қабылдап, отандасымыз күміс жүлдегер атанды.

Айта кетейік, бұған дейін бокстан Азия чемпионатына 4 қазақстандық боксшы финалға жолдама алғанын хабарлаған болатынбыз.

Алғашқы болып өнер көрсеткен 60 келі салмақтағы Зәкір Сафиуллин күміс медаль жеңіп алса, 75 және 81 келі салмақта ел намысын қорғаған Тұрсынбай Құлахмет пен Бек Нұрмағанбет ел қоржынына екі алтын медаль салды.

Соңғы жаңалықтар