Бокстан Азия чемпионаты: Еліміздің ерлер құрамасы медальдар кестесінде екінші орын алды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иордания астанасы - Амман қаласында өткен бокстан Азия чемпионатында еліміздің ерлер құрамасы медальдар кестесінде екінші орынға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құрлықтық додада қазақстандық боксшылар 3 алтын, 6 күміс, 3 қола медаль алды. Нәтижесінде медальдар кестесінде екінші орынға жайғасты.

Медальдар кестесінде Өзбекстан 5алтын, 2 күміс, 3 қола медальмен көш бастап тұр. Үздікті үштікті 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медальмен Иордания құрамасы түйіндеді.

Медалдар кестесінде құрамалардың орналасуы төмендегіше:

1. Өзбекстан - 5-2-3

2. Қазақстан - 3-6-3

3. Иордания - 2-2-1

4. Таиланд - 2-0-0

5. Филиппин - 1-0-0

6. Үндістан - 0-1-4

6. Моңғолия - 0-1-4

8. Жапония - 0-1-1

9. Қырғызстан - 0-0-4

10. Иран - 0-0-2

10. Тәжікстан - 0-0-2

12. Пәкістан - 0-0-1

12. Тайвань - 0-0-1

Еске салсақ, ел құрамасынан Санжар Тәшкенбай (48 келі), Асланбек Шымбергенов, Айбек Оралбай (92 келі) чемпион атанды.

Ал, Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмуд Сабырхан (54 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Дулат Бекбауов (67 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) күміс медальді қанағат тұтты.

Самаәли Төлтаев (60 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Сағындық Тоғамбай (86 келі) қола жүлде алды.

Соңғы жаңалықтар